ДЕСТРУКТИВТІ ЖАЛҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАР
ДЕСТРУКТИВТІ ЖАЛҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАР
26.03.2019
3004
0
Деструктивті жалған діни ұйымдар дегеніміз не?
Деструктивті діни ағымдар - адамдардың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімнің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Ағым мүшелеріне өздерінің рөлінің, доктринасының ұйғарымдарының ерекшеліктерін мойындауға талпынады.
Қазақстандағы деструктивті ағымдардың тарихы да бірдей емес. Олардың кейбірі белгілі бір уақытта жұмысын тоқтатса, екіншісі атауын, типін өзгертіп тарих сахнасына қайта шығады.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЭКСТРЕМИСТІК ЖӘНЕ ТЕРРОРИСТІК ДІНИ ҰЙЫМДАР
Экстремистік діни құрылымдар деструктивті сипаттағы мақсаттарды алға қойып, елдің конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, оның егемендігі мен аумағының тұтастығын бұзуды, өкiметтi күшпен басып алуды, заңсыз әскерилендiрілген құралымдарды құруды, сондай-ақ қоғам ішінде діни өшпенділіктер мен алауыздықты қоздыруды көздейді. Терроризм мен экстремизм көрінісінің негізінде идея ғана емес, қылмыстық мотивтер де қамтылады.
Елімізде «Экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл жасау туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған. Яғни, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ, бірқатар халықаралық келісім-шарттарды орындау мақсатында халықаралық террористік ұйымдардың республика аумағында әрекет етуіне тыйым салынған. Ел территориясында сот шешімімен бүгінде 23 экстремистік діни ұйымға тыйым салынды.
1. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:
1. «Аль-Каида»;
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»;
3. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)
4. «Өзбекстанның ислам қозғалысы»
5. «Шығыс Түркістандағы ислам партиясы».
2. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
6. «Асбат аль-Ансар»;
7. «Әлеуметтік реформалар қоғамы»;
8. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтарі»;
9. «Лашкар-и-Тайба»;
10. «Мұсылман бауырлар»;
11.«Талибан қозғалысы»;
12. «Боз гурд».
3. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
13. «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами».
4. Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
14.«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы»;
15. «АУМ Синрике»
5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
16.«Түркістан ислам партиясы».
6. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 5 қарашадағы шешіміне сәйкес:
17. Қазақстан халқының денсаулығына зиян келтіру арқылы мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін «Ата жол» («Ақ жол») ЖШС-нің қозғалысының қызметін бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы таратуға және насихаттауға тыйым салынған.
7. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласының сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімдеріне сәйкес:
18. Фархад Абдуллаевтың «Алла аят» әдісіне сәйкес адамдарды емдеуді насихаттау және тарату бойынша ұйымның қызметіне тыйым салынған.
8. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес:
19.«Джунд-аль-Халифат» (Халифат сарбаздары).
9. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:
20. «Сенім. Білім. Өмір».
10. Астана қаласы сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімімен:
21.«Таблиғи жамағат».
11. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешімімен:
22.«Ат-такфир уаль-Хиджра»
12.Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен:
23.«Ислам мемлекеті».
13. Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен:
24.«Фронт ан-Нусра».
Теріс ағымдағылардың жетегіне еріп кетппеудің басты шарттары ретінде мына
мәселелерге мұқият болғаныңыз абзал:
· Көшеде таратылған діни кітаптарды оқымау (Ресми түрде тіркелген діндер ешқашан көшеде өздерін насихаттамайды);
· Көшеде және пәтер аралап діни мәселелерді айтып жүрген діни ағымдардың белсенділерімен сөйлеспеу;
· Тегін тіл курстары, қайырымдылық ұйымдарына және бизнес клубтарға сақтықпен қарау;
· Күмәнді әртүрлі тақырыптардағы діни кітаптар мен кітапшаларды оқымау;
· Діни жоралғыларды тек қана мешіт имамдарынан ғана тыңдау;
· Әртүрлі бейресми ортадан, ғаламтордан алынған діни уағыздарды тыңдаудан сақтану (тек Қазақстан мұсылмандар басқармасы бекіткен имамдардың кеңестерін тыңдау;
· Діни кітаптар мен ұйымдардың заңдылығы жөнінде ресми тіркелген діни ұйымдар мен ресми мекемелердің арнайы сайттарынан қараңыз.
0 пікір