Рухани келісім – тұрақтылық пен бірлік кепілі
Рухани келісім – тұрақтылық пен бірлік кепілі
16.08.2021
1476
0

Еліміз тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі көп ұлтты, көп дінді мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата заңымыздың 14-бабында «...тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрағылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылуы, еліміздегі ешбір ұлттың, өзге дін өкілінің өзін, өз бауырындай санаған.

Діннің табиғаты сондай, сенімі күшті діндар адам өзінің туыстары  мен ұлтына, еліне көп алаң болмай, рухани бірліктегі өзінің діндес бауырларын жақын тұтып, соларға  жәрдем  етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек сұрауға да дайын тұрады. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.

Қасиетті  Құранның Мумтахина сүресі, 7-аяттында «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз Отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді», - деген. Бұл аятта өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуді, сондай-ақ мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына рұқсат берген. Бұл жөнінде Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Кeз кeлгeн xaлықтың pyxaни мәдeниeтiнiң нeгiзiн кeлiciмгe, бeйбiтшiлiккe, әдiлдiккe ұмтылyды құpaйды. Көп ұлтты қaзaқcтaндық мәдeниeткe тән pyxaни бacтaмaлapды нығaйтy мeмлeкeттiк caяcaттың мaңызды бөлiгi. Жыл caйын Қaзaқcтaндa Рyxaни кeлiciм күнi aтaп өтiлeдi. Қaзipгi тaңдa түpлi этноcтap мeн дiнгe жaтaтын aдaмдapды бipiктipyгe қaбiлeттi pyxaни құндылықтapды бeкiтy тұpaқты күш-жiгepдi, түpлi eлдepдiң ғaлымдapы, дiни көшбacшылapы, мәдeниeт жәнe өнep қaйpaткepлepi тapaпынaн үнeмi нaзapды қaжeт eтeдi. Дүниeжүзiлiк pyxaни мәдeниeт фоpyмын өткiзy қaзipгi әлeмнiң pyxaнилығын нығaйтyғa, өpкeниeттep мeн мәдeниeттep үн қaтыcyлapын кeңeйтyгe мaңызды қaдaм болaтындығынa ceнiмдiмiн», – дeгeн болaтын.

Қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, Иcлaмның өpкeндeyi үшiн жacaғaн қызмeттepi, pacындa дa, үлкeн жeтicтiккe жeткiздi. Қaзipгi тaңдa көпұлтты тәyeлciз Қaзaқ eлiнe дүниeжүзiндeгi көптeгeн eлдep қызығa қapayдa. Ceбeбi жүздeн acтaм ұлт пeн ұлыcтapдың бepeкe-бipлiгi мeн ынтымaғын жapacтыpa бiлгeн eл кeмдe-кeм. Елімізде 130 – тан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз.

Қазақ халқының тәрбиеге тұнған мақал-мәтелін алып қарасақ та, түбі құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне тіреледі. Өйткені адамзаттық тәлім-тәрбиенің бастауы исламда жатыр. Асыл рух – ұлт байлығы, ал оның жетістігі – біржақты жеке мүдделерді жеңе отырып, әлем елдерін рухани келісімді асқақ­татуға шақыру болып табылады. Ұрпағымыз осы рухани келісім әрқашан бірлік екеніне сенсе, сонда ғана бірлік пен береке болмақ. Өз туған жерімізде рухани мәдениеттің не екеніне түсіне бермейтін жандар бар. Негізгі мәдениет ол имандылық, адамгершілік. Өзіміздің дінімізді тілімізді білмеу ол сауатсыздық. Әдептілік, этика, эстетика, жайлы көп түсіндірсек, сонда ғана жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей аламыз.  

Рухани келісім, бірлік арқылы шешілетініне көз жеткізе алады. Рухани келісім тұрақты түрде жеткізіліп отыра береді. Мәдениеттілік, имандылық, адамгершілік, ибалылық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жатады. Адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналады. Басқа ағым жетегінде кетпеу, ол адамзат баласының өз қолында.

Күн сайын өзгеріп, түрленіп жатқан алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Сондықтан бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ пен татулық – еліміз үшін қастерлі де қасиетті ұғым.

 

 

«Қоғамдағы дін қатынастарын

 зерттеу» бөлімінің теолог маманы             Б.Абдрахман

0 пікір