Мәселенің нүктесі суицид емес
Мәселенің нүктесі суицид емес
17.08.2021
758
0

    Бұл өмірдің ең басты қазынасы адам және оның өмірі. Адам үшін ең қымбат қазына өмірі мен болашағы. Өмірдің жақсы жамандығын тең дәрежеде ұстай алмай, сол қазынаның қадір-қасиетін білмей, жолдан тайып, өміріне балта шауып, өзін-өзі  өлімге қиюда, адамның өзіне деген қастандығы. Жер бетін аландатып отырған суицид себебін әр қайcсы өзінің көзілдірігімен қарап, әр түрлі себеп пікірлер айтады. Енді біреуі заман өзгерді десе, енді біреулері әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулық салдарынан, ал енді біреуі, тұқым қуалаушылық жолмен де келеді деп топшалайды.

     Мәселеге түбегейлі бойламас бұрын, ең әуелі «суицид» ұғымының шығу төркініне тоқталып өтсек. Алғаш рет латынның sui (өзін) caedere (өлтіру) сөзінен құралған (суицид)-деген ғылыми терминді Томас Браун қолданған. Ол: «Өзін-өзі өлтіру (суицид)- өмірін үзуге бағытталған  белгілі іс- әрекеттер арқылы, саналы түрде өмір сүруден бас тарту»,- деген анықтама берген.Ал «суицид» терминін ғылымға италияндық психолог Г.Дэзен 1947 жылы еңгізіп, «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсіндірген.

     Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «суицид» сөзіне: «Суицид-алдын ала ойластырылған өзін-өзі өлтіру әрекеттері»,- деп анықтама берген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу нәтижесіне жүгінсек, жылына ресми тіркелген суицид саны 1,1 миллиондық көрсеткішті құрайды. Мұның ішінде Қазақстан суицид мәселесінде әлемде алтыншы орында. Ал Орта Азия елдері бойынша бірінші орынды иеленеді екен.

     Қазіргі таңда «суицидалогия» деп аталатын үлкен ғылыми бағыт қалаптасқан. Бұл ғылыми бағыт социология, психология, медицина, демография, психиатрия салаларында пайда болып, осындай әрекетке баратын тұлғалардың  ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысады. Шетелдік ғалымдардың пікірінше суицидтің үш түрі бар:

1. Шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзін-өзіне қол жұмсауға бел байлайды.

2. Жария суицид. Әдетте мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, қолына арқан жіп алып жүріп,  ары бері адамдардан қашып «өлемін» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады.

3. Жасырын, құпия суицид. Суицидтің бұл түріне тап болған адам үшін қиындықтан шығатын жол жоқ секілді көрінеді. Бұған көбінесе нашақорлар мен ішімдікке салынғандар дайын тұрады.

      Әлеуметтанушылар өз-өзіне қол жұмсауға екі түрлі түсінік береді.  Біріншісі-адам бойындағы жеке мінез-құлық пен әрекеттердің өзгеруі болса, екіншісі-кейбір адамдардың қоғамға байланысты  өз еркімен өлімге баруы. Депрессия түрлі елестеулер, эмоциялар мен әртүрлі ойдың жиынтығы болып табылыды. Әдетте, депрессияға ұшыраған адам оның себебін анықтай алмайды.

       Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараланады:

1. Саналы түрде өлімге бел буу. Суицид жасаушы адам өз-өзін өлтірер алдында өз әрекетіне есеп беретін,бірақ, аса қиын жағдайға тап болған адам. Ол ойлану нәтижесінде (қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.). болашақтан күдер үзіп, өмірден түңіледі;

2. Ашық қарсыласу түрінде өзін-өзі өлтіру. Жауапсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзелісі;

3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру. Жаман хабар алғаннан кейін, отбасында не жұмыста пайда болған оқиғалар мен қиыншылықтардан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу;

4. Психологиялық ауытқушылыққа ұшырағаннан кейін өзін-өзі өлтіруі.

       Суицидтті дәрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады. Психологтардың пікірінше, өзін-өзі өлтіру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиі кездеседі.

Суицидтің себептері төмендегідей келеді: 

1. Жеке отбасылық конфликттер (ұрыс жанжал, туыстар мен ортаның адамға дұрыс қарамауы, теріс көзқарас, қызғану, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы, айырлысу, қимас досыңды жоғалту, өзіне керек затты ала алмау немесе бір істі істей алмау, өзі жоғары тұтқан адамдардан көңілі қалуы, жалғыздық, бақытсыз махаббат, сырттағылардан көңілі қалуы, жыныстық қатынасқа бара алмау,белсіздік); 2. Психкалық саулық жағдайлары (дені сау адамның күйзелуі, кембағал адам болуы);

3. Соматикалық аурулар (қатты күйзелу), паталогиялық жағдайлар (психикалық күйзеліспен ауруы);

 4. Өз-өзіне қол жұмсаушының қоғамға қарсы шығуынан туындаған жағдайлар (сот шешімімен келіспеу немесе сот шешімінен қорқу, жауап беруден немесе масқара болудан қорқу);

5. Мамандығына байланысты немесе оқу кезіндегі жағдай (жұмыстағы қиындықтар, жұмысты істей алмау немесе жоғарғы оқу орнында оқи алмау);

6. Тұрмыстық күнделікті қиындықтар;

7. Идеологиялық, діни фанатизм;

8.Сыртқы тараптардың итермелеуі;

9. Еліктеушілік;

10. Теледидардан көрсетілген қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер, арнайы суицидке итермелейтін ойындардың көбеюі.

Батыс ғалымдары осыларды біріктіре отырып, суицидттің себептерін  төмендегідей аспектілерге бөледі:

  1. 1.     Психологиялық аспектілер;
  2. 2.     Әлеуметтік аспектілер;
  3. 3.     Экономикалық аспектілер;
  4. 4.     Соматикалық аспектілер;
  5. 5.     Діни аспектілер, яғни, өзін өлтіруге итермелейтін діни рәсімдер (кейбір секталарда кездеседі).

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттеуде, көп жағдайда жасөспірімдер ата-аналарының,  мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзін-өзі қол жұмсауға шешім қабылдағаны анықталған. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімінен стреске берілгіш және өмірден түнілген жасөспірімдер барады екен.  Жастармен жасөспірімдер арасындағы суицидттің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыстар атқаруы тиіс. Жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыптарда дәрістер, әңгімелесулер мен сұқпаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап секілді жұмыстардың кеңінен жүргізілгені дұрыс.

      Қорыта келе адамгершілікті, күнделікті дамуды, жақсылықты ойлап, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік танытып, жаны жайсаң, жақсылыққа көңілі құштар жандар өз-өзіне қол жұмсауды мүлдем ойламайды, керсінше оның азаюына үлес қосады.

   

 Түркістан облысы дін істері басқармасының

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы

Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы

0 пікір