Қоғам тұрақтылығы – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің негізгі тіректерінің бірі. Бұл тұрақтылық тек экономикалық немесе саяси факторлармен ғана емес, ең алдымен рухани негіздермен қалыптасады. Сол рухани негіздердің ең маңыздысы – дәстүр.
Қазақ халқының тарихы – рухани тұтастықтың тарихы. Көшпелі өмір салтында дәстүр қоғамды реттеудің басты құралы болды. Мысалы, «Жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрі генетикалық тазалықты сақтауға бағытталған. Дәстүр – әлеуметтік тұрақтылықтың тірегі. «Бата беру», «асар», «жылу жинау» сияқты дәстүрлер қоғамдағы бірлік пен өзара көмекті нығайтқан. Қазақ даласында ислам діні мен дәстүр үйлесім тапты. Әділдік, мейірімділік, сабыр сияқты құндылықтар қоғамда бейбітшілік орнатуға ықпал етті.
Тарихта билер институты дау-дамайды шешуде маңызды рөл атқарды. Олардың басты мақсаты – қоғамдағы бірлікті сақтау болды. Қазіргі заманда жаһандану дәстүрдің әлсіреуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәстүрді сақтау – қоғам тұрақтылығының кепілі.
Тұрақтылық бар жерде сенім бар, сенім бар жерде даму бар. Ал тұрақсыздық орын алған қоғамда алауыздық, экономикалық тоқырау және рухани әлсіреу белең алады. Сондықтан қоғам тұрақтылығын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ең алдымен, қоғам тұрақтылығы дегеніміз – ел ішіндегі бейбітшілік, заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және халық арасындағы өзара түсіністік. Мұндай ортада адамдар ертеңіне сеніммен қарап, білім алып, еңбек етіп, өз болашағын жоспарлай алады. Мысалы, тұрақты елдерде инвестиция көп тартылады, кәсіпкерлік дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Ал керісінше, тұрақсыз аймақтарда жұмыссыздық көбейіп, көші-қон үдерісі күшейеді.
Қоғам тұрақтылығының маңызды тіректерінің бірі – ұлттық бірлік. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық сақталған жерде ішкі қақтығыстар болмайды. Қазақстан секілді көпұлтты мемлекет үшін бұл аса маңызды. Түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату өмір сүруі – ел тұрақтылығының нақты көрінісі. Бұл бағытта мәдениет пен дәстүрдің рөлі ерекше. Дәстүр – халықты біріктіретін рухани күш, ал дін – адамды сабырлыққа, кешірімділікке және әділдікке тәрбиелейді.
Дін тұрғысынан алғанда да тұрақтылық – үлкен құндылық. Ислам діні бейбітшілік пен бірлікті насихаттайды. Қасиетті Құранда бүлік шығармау, қоғам тыныштығын сақтау туралы көптеген аяттар келген. Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өз хадистерінде мұсылмандарды бірлікке, татулыққа шақырып, фитнадан (бүлік, алауыздық) сақтандырған. Бұл – қоғам тұрақтылығын сақтаудың діни негізі бар екенін көрсетеді.Сонымен қатар, заң мен тәртіп – тұрақтылықтың басты кепілі. Әр азамат заңға бағынған жерде ғана қоғамда әділеттілік орнайды. Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның белгісі. Егер адамдар заңды елемесе, қоғамда бейберекетсіздік орын алады. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Қоғам тұрақтылығы білім мен тәрбиеге де тікелей байланысты. Саналы, білімді ұрпақ – елдің болашағы. Жастар дұрыс бағытта тәрбиеленсе, олар радикалды идеяларға ермейді, керісінше елдің дамуына үлес қосады. Осы тұрғыда отбасы, мектеп және діни ағартушылық жұмыстарының рөлі зор.
Қорытындылай келе, қоғам тұрақтылығы – бұл тек тыныштық емес, ол – даму, бірлік, сенім және болашаққа деген үміт. Оны сақтау үшін әр адам өз жауапкершілігін сезінуі қажет. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Сондықтан қоғам тұрақтылығын нығайту – бәріміздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс. Дәстүр – қоғамның рухани негізі, тұрақтылық пен бейбітшіліктің басты тірегі.
Қ.Мырзабай
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің бөлім маманы
Дәстүр – қоғам тұрақтылығының негізі
Көп оқылғандар

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru