Діни экстремизм идеологиясы
Діни экстремизм идеологиясы
05.02.2021
1774
0

     Дамыған немесе даму үстіндегі бейбіт бір елді, тоқырауға ұшырату үшін,  түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі таратып, ынтымақ пен бірлікті ыдыратып, мемлекетті әлсірету діни экстремизмнің басты мақсатының бірі. Діни экстремистік идеологияны насихаттаушы «көзі ашық, көкірегі ояау адамды арбай алмайды» десек, қателесеміз. Олар қоғамда дүрбелең туғызатын тобыр ізейді. Оның ішінде басқалар сенуі үшін сауатты тұлғалар міндетті түрде болуы қажет. Сол белгілі тұлғалар арқылы қоғамның сеніміне кіріп, теріс идеологияларды таратуға оңай жол ашылады.

          Соңғы уақытта қоғамда «дәстүрлі дін, діни экстремизм» деген сияқы термин сөздерді қолданып жүрміз. Яғни, қоғамға дәстүрлі дін мен діни ағымның арасын ажырату үшін пайда болған сөз. Қазақстан мұсылмандарының сан ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі діни жолы, бағыты Әбу Ханифа мәзһабы мен Имам Матуриди ақидасы яғни сенімін ұстанып келген.

     Дәстүрлі діндер деп - бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан діни әдет-ғұрыптары, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым-қатынасын және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүруімен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылысты айтады.

     Қоғамда оларды «діни ағымдар немесе діни экстремизм»,- деп атайды.

Дәстүрлі дін мен діни экстремизмнің қоғамдағы рөлін саластырсақ:

Дәстүрлі дін :

1. Сұрағына жауапты немесе діни бір мәселені ғылымнан, кітаптан іздейді.

2. Кез келген жағдайда жауапкершілікті өзінен бастайды.

3. Қандай жағдайда болсын  мейірімді, кешірімді, бәріне көмектесуді қалайды.

4. Адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке шақырады.

      Экстремизм дегеніміз (extremus)-латын тілінен енген термин, мағынасы «шеткі,соңғы» деген мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша - шектен шыққан көзқараспен және іс-әрекетімен  ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Жалпы экстремизм деген терминге қазіргі әлем ғалымдарымен сарапшылары түрлі мағыналар берген.

Экстремизмнің негізгі белгілеріне тоқталсақ:

1. Мемлекетте  диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;

2. Елдегі конститутциялық құрлымды үзілді-кесілді мойындамайды,оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және  билікті заңсыз ашық түрде басып алуға насихаттайды;

3. Заңсыз қарулы жасақтар құрады;

4. Елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;

5. Елде белгілі бір ғана ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға тырысады.

Діни экстремизм ұғымы - шынайы діннің негізгі қағидаттарынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді.

     Діни экстремизиге ұрынатын жастардың  көпшілігінде психологиялық, әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы: Олардың арласатын ортасы дұрыс болмауы, отбасы бақытын сезіне алмағандар, қылмыс жасап, одан арылу мақсатында дінге бет бұрып, діни ағымдарға қосылуы. Дінге бет бұрам деп діни ағымның жетегіне еруі т.б. себептері болып отыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде діни экстремизм идеяларын насихаттаушылардың әртүрлі діни уағыздарды дыбыстық-бейне жазбаларды таратуда. Әлеуметтік желідегі теріс діни насихатты тындау, сақтау, тарату сияқы әрекеттер. ҚР-ның қылмыстық кодексінің 174, 256-баптары бойынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

     Сол діни ағым жетегіне ерушілер қоғамда мына құндылықтарға қарсы шығады:

1. Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін шариғатта аталмаған деп жоққа шығарады.

2. Зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады.

3. Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді.

4. Мазһабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын Ханафи мазһабын жоққа шығарады.

5. Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, дәстүрлі әндер, балет, бейнелеу өнері және т.б.) қарсылық танытады.

6. Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады.

7. Білім мекемелерінде бекітілген мектеп формасынан бас тартады. Жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

8. Аузынан ақыр заман туралы, қорқыту, сөздері діни терминдерді қолданып, өзгереді. Қорқыту, тозақ жайлы Құран аяттары түспейді. Қоғамдағы кез келген мәселені діни түсінікте ғана қарайды. Тек шариғат шеңберімен шешуге жол іздейді.

9. Киім киісі, сыртқы бейнесі, оқитын кітаптары бірден өзгере бастайды.

10. Араласатын адамдары да өзгеріп, бұрынғы достарымен араласуын доғарады. Көпшілік жерлерге барудан бас тартады.

      Егер жақындарыныздан жоғардағы белгілер байқалса, ол діни ағым жетегінде кеткен адам екенін бірден білуге болады.

     

     Қорта келе  дәстүрлі дін бейбітшілікке, бірлікке үндейді, оның ежелден қалыптасқан түп-тамыры бар. Оның мақсаты адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару. Ал, экстремизм қоғамның берекесі мен бірлігіне қауіп төңдіреді. Экстремизммен күрес елімізде ғана емес, әлемде болып жатқан үлкен мәселе. Біз мемлекеттің зайырлы, дәстүрлі, діни құндылықтарын сақтауға тиіспіз. Діни ақпаратты белгілі ресми ақпарат көздерінен алған дұрыс. Сондықтан  біздің бірлігіміз елдің дамуы үшін өте маңызды.

 

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ніңтеолог маманы

Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы   

0 пікір