Жастар – кемелді келешек кепілі
Жастар – кемелді келешек кепілі
19.01.2022
731
0

Еліміздің өркендеуі мен дамуы жас ұрпақтың тәрбиесі, руханияты және мәдениетімен тығыз байланысты. Өскелең ұрпаққа көңіл бөлу және қамқорлық жасау біздің елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың басым бағыты болып табылады. Әр салада жастар тарапынан қол жеткізілген жетістіктер –бұлқамқорлық пен қолдаудың айқын көрінісі деп санаймыз. Халқымыздың болашағы болып табылатын әрбір азамат – мемлекеттағдырына атүсті қарамастан, өздеріне берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалануы міндет.                                      

Заманауи білімді игерген, елдің болашағы үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті, мақсатқа ұмтылған және жігерлі жастарды тәрбиелеу –елдіңорнықты және үдемелі дамуының маңызды шарты болып табылады. Ол үшін жастар мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтеру, жергілікті жерлерде жастардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыру, оларды кәсіпкерлік қызметке кеңінен тарту, жас кәсіпкерлердің перспективалық идеялары мен жобаларын іске асыру, сондай-ақ оларды ел тағдырының жоғары руханилығына, білімі мен өзін-өзі дамытуға қабілетті ұрпақ ретінде кәмелетке толғанға дейін жеткізу үшін қажетті жағдайларды қарастыруымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2020 жылы Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесуінде: «Ел басқару ісіне араласатын таңдаулы жастардың қатарына қосылу – зор мәртебе. Өздеріңіз сияқты озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге өте қажет. Жалпы, бұл – жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама. Осы ретте өздеріңіз сияқты білімді әрі талапты азаматтарға үлкен үміт артамыз. Сіздер жаңа Қазақстанның дамуына аянбай үлес қосасыздар деп сенемін»,- деп ел болашағының ертеңі болатын жастарға үлкен үміт артқан болатын. Ал, Елбасының 2015 жылы 10-сәуірде Астанада өткен «Елбасымен бірге – жаңажеңістерге», - деген жастар форумында: «Сендер экономиканың кеңестік жүйесін және өркендеуіміздің сол заманғы қиын бастауы болған кезді білмейтін тәуелсіздіктің алғашқы ұрпақтарысыңдар. Сонымен қатар сендер жаһандық әлем жағдайында өмір сүріп жатқан алғашқы ұрпақсыңдар. Сондықтан сендер өркендеуіміздің талаптарын барынша айқын түсінуге тиіссіңдер», – деді.                       

Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және өзге де нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді.                                                                                   

Жазушылардың бірі Абдурауф Фитраттың айтуынша, жас ұрпақты толыққанды дұрыс жолда тәрбиелеусіз қоғамды реформалау және оның дамуына,өркендеу жолына бағыттау мүмкін емес. «Тәрбие неғұрлым жақсы болса, халық та соғұрлым бақытты өмір сүреді», - дейді дана. Ал, Жәбир ибн Самурадан келген хадисте: «Алла елшісі (с.а.с): «Балаға жақсы әдепті үйрету –күнсайын қайырымдылыққа жарты сағ (400 грамм) садақа бергеннен гөрі абзал», - деді. Осы тұрғыдан балаға көркем мінез-құлық пен дұрыс бағытта білім беру– мал-дүниені жұмсап садақа беруден гөрі пайдалы екені баршамызға аян болды. Көтерген мәселенің өзектілігін қорытындылай келе, баршамыз жастарды тәрбиелеу үшін мол жауапкершілікті сезінуіміз және біздің қоғамымызға тән болмаған істерден бойды аулақ ұстап,  бірлесе күресуіміз керек.                                  

Жастар – қоғамның негізі. Олардың санасында әрдайым жамандық пен ізгілік идеялары арасындағы күрес жалғасады. Сол күресте дұрыс таңдау жүргізуге мүмкіндік жасап, бағыт-бағдар көрсетсек – болашағымыз баянды, келешегіміз кемелді болары сөзсіз. Себебі, «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей»,- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Б.Шаймерден

Түркістан облысы дін істері басқармасы                                         

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің                     

Жетісай ауданындағы маманы                                   

0 пікір