Әбу Ханафи мазхабының маңыздылығы
Әбу Ханафи мазхабының маңыздылығы
10.03.2020
1539
0

Ислам діні ұлы даламызға келгеніне он екі ғасырдан асты. Он екі ғасыр бойы қазақтар бір мазхабпен – бір жолмен, бір бағытпен, бір көзқараспен бір Аллаға құлшылық етіп, Исламның бес парызын бұлжытпай орындап келеді. Ертеректе біздің аталарымыз орасан зор мақтаныш сезіммен: «Біз ең ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабынанбыз!» дейтін.
 
Әлемдегі сүннит мұсылмандардың жартысынан көбі (шамамен 53%) Ханафи мазхабын ұстанады. Ал ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздері – Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек қолданылғандықтан, қазақ даласындағы мұсылмандардың дәстүрлі сара жол болып қалыптасқан.

Ханафи мазхабы мәселелерді шешуде және ижтихатта қолданған әдіс, мәселелердің үкімдерін Құран, сүннет, сахаба сөзі, ижма, қияс, истихсан және әдет-ғұрып дәлелдерінің біріне байланыстырады деп қорытындылай аламыз. Әбу Ханифа фикхты «Кісінің жақсы мен жаманды білуі» деп анықтама берген. Осы шеңберде фикхты бір мәселе ең алдымен Құран аяттарымен салыстырылады. Аяттың мәтініне, ишарат еткен мағынаға немесе дәлел бола алатындығы сай түрде шешімі табылатын. Құранда шешімі табылмаса, сүннетке жүгініледі. Бірақ ханафилер сүннеттің Хазіреті Пайғамбарға (с.а.с.) негізделген өздеріне тән әдіс-тәсілдері бар болатын. Мазхабтың негізгі алға қойған принциптері бойынша мутауатир және мәшһүр хадистер тынысына қалған хабар-и уахид пен мурсал хадистер айрықша зерттеуге алынады. Әбу Ханафи тек бір рауи риуаят еткен мағынасына келетін хабари уахидті қабыл ету үшін рауидің сенімді, факих, әділетті болуы және риуаят еткен хадисімен амал еткен болуы керек деген шарт қояды. Әбу Ханифаның аз хадис білгендігі, хадиске маңыз бермегендігі және хадистерге қарсы әрекеттерде болғандығы жайлы айтқандар да болды. Бұған қарсы ханафи мазхабының өкілдері кітап, сүннет және сахабалардың үкімдері секілді сөздердің қайнар көздерін өте мұқияттылықпен ұстанғандығын айтқан. Реті келгенде айтып өту керек, Әбу Ханифаның ижтиһад мәселесінде өзіне жәрдемші болған хадис хафыздарының болғандығы айтылған. Оның кейбір хадистердің қабыл етпеуінің себебі жайлы айтар болсақ хадистің сенімділігі үшін алға қойған шарттарына сай келмегендігіне байланысты қабыл етпеген.

Ижтиһадтарында қияс және истихсанға айрықша маңыз бергендігі белгілі. Қияс әдебиетте, Құран мен сүннетте үкімі табылмаған бір мәселенің үкімін араларында ортақ себеп немесе ол жайында дәлел бар болған мәселенің үкімімен салыстыру мағынасына келеді. Бұл әдіс-тәсіл Әбу Ханифаның алдындағы кейбір мужтаһид имамдар тарапынан қолданылған. Бірақ Әбу Ханифа қиясты  принципке негіздей отырып дамыта түсті әрі ортаға шықпаған мәселелерді де қияс жолымен қарастырған. Әбу Ханифа мәселелерді болған секілді қарай отырып болуы мүмкін болған фикх үкімдерін шығарды. Оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі жеке тұлғаның құқығы мен бас-бостандығын қорғаштауы болып табылады. Әрқандайда бір кісінің жеке бас-бостандығына ешкімнің қол сұға алмайтындығын қорғаштай отырып, фикх ілімінде ерекше орын алатын өте үлкен реформа жасай білді. Әбу Ханифа басқарушылардың зорлық-зомбылықтарына қарсы шығып, жеке тұлғаның бас бостандығын қорғаштауымен бірге діннің ашық түрде дамуында алғашқы рет осындай жүйелі түрде фикхты ортаға қоя білді.                                                                          

Қиясқа сай келмейтін жерлерде болса Әбу Ханифа истихсанға жүгінген. Истихсан мужтаһидтің бұдан да қуатты деп тапқан бір жағдайға байланысты, мәселеде ұқсастарының үкімінен басқа бір үкімге жүгінуі мағынасына келеді. Бұл әдіс-тәсіл әртүрлі мазхабтар тарапынан да әртүрлі түсініктер қосыла отырып қолданылған. Ханафилер, қарсыластары жағынан истихсанды жаңылыс түсінгендіктеріне байланысты кінәланған. Қияспен байланысты болғаны үшін әрбір қияс қолданғанның истихсан істеуі әбден мүмкін. Өйткені кейбір жағдайларда шариғи бір дәлелмен қарама-қайшы келген қиястың орынына истихсан әдісі қолданылады. Ханафилердің қолданған мағынадағы истихсан не насқа, не қиясқа, не ижмаға немесе заруретке сүйенілген әдіс-тәсіл болып табылады. Бұл дәлелдермен бірге сахаба сөздері мен әдет-ғұрыпта мазхабтың қолданған дәлелдеріне жатады.

Ханафи-матуридилік, ортаға қойған қөзқарастары мен шешім шығаруда ақылға салу көзқарасын негізге алады. Ханафилік ақылмен қойылған дәлелдерге, әдет-ғұрыпқа, мемлекеттік істердің пайдасына, ақыл ой еркіндігіне,  жеке тұлғаның құқығы мен бостандығына және өзара түсіністікке сүйенген дін түсінігімен құрылғандықтан мұсылман әлеміне ең таңдалған мазхабқа айналды.

Әбу Ханифа мазхабы – біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, үндесіп жатыр. Бұл діни мектептің біздің болмысымызда тамыры тереңге кетіп, ұлттық мәдениетімізбен сабақтасып кеткен. Бір сөзбен айтқанда Әбу Ханифа мазхабы – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі. Қазіргі таңда дінге бет бұру артып келе жатқан, кептелісі көп өмір жолында қазақ жастары үшін Әбу Ханифа мазхабы – «жол бағытын реттеуші бағдаршам іспетті» десем артық айтпаған болармын.

Бүгін қоғамымызда мұсылман қауымы арасында салафшілдік, уаһабшылық құраншылық сияқты т.б. неше түрлі ағымдарға бөліну белең алып отыр. Таза исламды ұстануды ту еткен аталмыш ағымдар көне заманнан қазақ даласын мекендеген мұсылмандардың ұстанып келген сара жолы – Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Хакім Абай, Шәкәрім Құдайберділер ұстанып, бізге мирас етіп кеткен дәстүрлі Исламды, атап айтқанда, Ханафи мазхабын мойындамай, таза Исламның көрінісіне кір келтіріп, белгілі фобиялар тудыруда. Оның соңы экстремистік, ақыры аяғында террористік әрекеттерге ұласып та жатыр.

Әбу Ханифа дамытқан керемет әдістемесі, қыруар еңбегі мен ижтихады кез келген мәселенің түйінін тарқатып, соның нәтижесінде жинақтаған фиқһ мәліметтері арқылы мұсылмандардың ғибадаттары мен басқа да амалдар
Ислам рухына сай атқаруына мүмкіндік беретін сара жол салып кетті.

Қорыта келе айтарымыз, мазхабымыздың құндылығын жетік білу – еліміздің діни тұрақтылығына кепіл екенін ұмытпауымыз керек.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің маманы: А.Мейірбек

 

0 пікір