Сынаққа сабыр ету - мұсылманның сипаты
Сынаққа сабыр ету - мұсылманның сипаты
07.05.2020
861
0

 

Оңтүстіктің жүрегі - Мырзашөлде орын алған жағдайға орай су басқан елді-мекен тұрғындарына жан-жақты қолдау тоқтаусыз келіп жатыр. Соның ішінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры бастаған еріктілер тобы да ауыл тұрғындарына көмекке келді.Эвакуациялау орталықтарында және су басқан ауылдарда тұрғындарға көмек көрсетумен қатар рухани күш-жігер беріп, сөз жәрдемін де ұмыт қалдырған жоқ.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы М. Мұстафаев Мақтаарал ауданының тұрғындарымен "Сынаққа сабыр ету - мұсылманның сипаты" тақырыбында Атакент кентіндегі "Қанайұлы Көбей қажы" мешітінде тәлімдік сұқбат өткізді. Мезгілсіз келген табиғаттың тосын сынағы туралы келелі ой білдіріп, тұрғындарды сабыр мен төзімділікке, бірлік пен ынтымаққа үндеді. Малы суға кетсе де, жігері мұқалмаған ауыл азаматтары келелі кездеуге көңілдері толып, келген азаматтарға алғысын білдірді.

#БІРГЕМІЗ
#МАҚТААРАЛМЕН_БІРГЕМІЗ

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и на улице

На изображении может находиться: небо, облако и на улице

На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят, небо и на улице

На изображении может находиться: 6 человек, люди стоят, небо, на улице и природа

0 пікір