«Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімі

Негізгі міндеттері:
•    Облыс көлемінде діни ахуалға мониторинг жүргізеді;
•    Облыс көлемінде деструктивті діни ағымдар жақтаушылары көбірек шоғырланған аумақтар мен орындар бойынша зерттеу және талдау жұмыстарын ұйымдастырады, оны жүзеге асыру жолдарын айқындайды, нәтижесінде проблемалық жайларды анықтайды, шешу жолдары туралы орталық басшылығы арқылы дін істері басқармасына нақты ұсыныстар енгізеді;
•    Қоғамның барлық әлеуметтік топтары (мектеп оқушылары, студенттер, маргинал жастар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым, тұрғындар, мешіт имамдары мен өзге де дін өкілдері) арасында дін тақырыбында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
•    Қала аудандарда жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер (сауалнама жүргізу, фокустық топ, тереңдетілген сұхбат, сарапшылармен жүргізілген сұхбат, телефон сұхбаты)   әлеуметтік зерттеу  қорытындыларын және ұсыныстарын SPSS for Windows арнайы бағдарламасы арқылы өңдеп, дін істері басқармасы арқылы қала, аудандарға нақты ұсыныстар енгізеді;
•    Интернет ресурстарында таратылатын  діни материалдарға, оның ішінде экстремистік, террористік бағыттағы сайттарға, әлеуметтік желілердегі діни қауымдастықтарға талдау жасайды;
•    Облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни тақырыптағы мақалаларға контент талдау және де интернет желісіндегі ВЕБ сайттарда жарияланатын діни материалдарға талдау  жасайды.