Ақсукенттегі аудандық Мәдениет сарайында сайрамдық имамдардың семинары өтті

Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ мен ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданында кезекті интелектуалды-танымдық семинар болып өтті.

Семинарға Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директоры міндетін атқарушы Медет Халықов,  орталықтың бөлім басшысы Мұрат Мұстафаев және облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді қатысты.

Семинар барысында “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директоры міндетін атқарушы Медет Халықов “Заң және зайырлы қоғам” тақырыбында баяндама жасады.

Орталықтың бөлім басшысы Мұрат Мұстафаев жергілікті имамдарға деструкивті діни ағым жақтастарымен сөйлесудің жаңа әдіс-тәсілдерін слайд арқылы жан-жақты түсіндірді.