Шетелде діни білім алудың қауіптілігі түсіндірілді
Бүгін Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Сарсеков ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек қатысуымен Қ.Мұңатпасов, С.Құртаев, М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» тақырыбында жиын өтті.Кездесудің мақсаты жастарға шетелде діни білім алудың қауіптілігі мен оның зардаптарын кеңінен түсіндіру, шетелде діни білім алуға ниет білдіруші жастардың алдын алу, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру.Шара барысында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы арнайы бейнеролик көрсетіліп, бүктемелер таратылды.Жиын соңында оқушылар діни тұрғыда сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.