«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ
21.06.2024
449
0

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Бақытты әйел» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бақытты әйел» семинар-тренингі өтті. Іс-шараға психолог, заңгер, тәрбие және отбасы ісі жөніндегі мамандармен бірге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген қатысты.
Кездесу барысында теолог маман жалпылама ер адам болсын, әйел адам болсын, бұл қоғамнан өзінің жеке дара маңызды орнын иемдене алады. Кез келген тұлғаның өз қоғамынан алатын белгілі бір орны болады. Асыл дініміз Исламда ер мен әйелдің мәртебесі жоғары. Ислам әлемінде әйелді аса жоғары бағалайды.. Ер азамат үйдің егесі болса, әйел үйдің шегесі. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Қазіргі таңда әйел бейнесінің қыры көп. Нәзік қалпымен бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербетуге қауқарлы. Үйдің де түздің де жұмысын ерлермен иық тіресе атқарып келеді. Дегенмен, мұның бәрі әйелді бақытқа бөлемейді. Бұрымдыларға ерінің махаббаты, қолдауы, тіреу болуы ауадай қажет екенін тілге тиек етті.
Елімізде жыл сайын талай әйел таяқтың астында қалып, тіпті кейбірі қаза табады. Кикілжіңнің басты себептері отбасылық құндылықтың өзгеруі, тұрмыстың төмендігі, опасыздық, ойынқұмарлық, әлеуметтік желідегі әсем өмірге еліктеуден туады екен. Дегенмен, бұдан бұлай әйелдерге қол көтеру қылмыс болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды.
Семинар-тренинг аясында әйел және отбасы бақыты жайында қысқа метражды фильм көрсетіліп, «Бақытты әйелдің бағдаршамы» атты кітап таратылды.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и больница

Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 5 человек и осветительное оборудование

Возможно, это изображение 6 человек и текст

0 пікір