АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОП МҮШЕЛЕРІ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОП МҮШЕЛЕРІ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
14.02.2024
739
0
Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтқан маңызды міндеттерін іске асыру жайы сөз болды.
Ескі Иқан ауылында өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту» орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының жұмыстар бойынша әдіскері Балзада Омарова, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Мағдияр Дүйсенбай, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Жорабек Жалғас, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Нұрболат Жүрсін, Сауран аудандық Мансап орталығының бөлім басшысы Нұршолпан Алимжанова, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, ҚХА жанындағы құрылымдарының мүшелері, ұстаздар, жастар қатысты.
Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әшірбаев модераторлық етті.
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді түрде атсалысуды тапсырған болатын. Тапсырма аясында ауылдар мен қала іргесіндегі ауыл жастарын білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және басқа да мәселелер бойынша ақпараттандыру және кеңес беруге бағытталған жобаларын жүзеге асыруға Ақсақалдар кеңесінің жәрдемдесуін ұйымдастыру көзделген. Бүгін осы мақсатта өздеріңізбен бас қосып отырмыз, - деді Бақытжан Шәкірұлы.
Алқалы басқосуда ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аудару, «Серпін» бағдарламасының тиімділігі, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары, жалпы Түркістан өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер жайлы айтып өтті.
Сондай-ақ, жиында синтетикалық есірткінің ағзаға зияны мен әсері, «Синтетикалық есірткіні қолданатын адамды қалай тануға болады», «Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі», Экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, Ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін белсенді жұмыспен қамту шараларының басым бағыттары талқыланды.
Аталған тақырыптар төңірегінде жауапты сала жетекшілері мазмұнды баяндама жасады. Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап берілді.
 
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся, отдел новостей и текст
 
 
Возможно, это изображение 2 человека
 
Возможно, это изображение 8 человек
 
 
0 пікір