Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тарапынан облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б.Өтеген қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған дін саласындағы ақпараттық-түсіндірме жұмысын, сонымен қатар діни эстремизм мен террорризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарын ұйымдастыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.
Аталған кездесулерге Түлкібас ауданының жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары, Кентау қаласында мемлекеттік қызметшілер мен әлеуметтік аз қамтылған орталардың, мақсатты топтардың өкілдері қатысты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.