АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
15.02.2024
908
0
Бүгін Отырар ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Аталған кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ бөлім басшысы Ж.Жорабек, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдарының мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.
Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және болашақта кім боламыз?», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл күйі» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Еске сала кетсек, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2023 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында 1-23 ақпан аралығында аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.
0 пікір