ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің ұстаздары мен студенттеріне «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі және «Аналар алқасының» төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұ.Мұстафаева қатысты.
Кездесу барысында қыз баласының тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүріміздің ислам дінімен сабақтастығы, еліміздің зайырлылық ұстанымы, елімізде тыйым салынған діни ұйымдар және басқа да түрлі жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында иммунитет қалыптастыру – маңызды міндет екендігі түсіндірілді.
Жиналыс соңынан жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Көп оқылғандар
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізілді
Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлының онлайн және оффлайн форматта қоғамдық қабылдауы өтті.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САУРАН АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ