Стамбулдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынды
Стамбулдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынды
21.11.2022
453
0

Болгарияда Ыстамбұлдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп Nova TV арнасы хабарлайды. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін Anadolu агенттігі Ыстамбұл соты қала орталығындағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 17 күдіктіні қамауға алғанын хабарлаған. Телеарнаның хабарлауынша, ұсталған бес адамның үшеуі Молдова азаматы болса, тағы біреуі араб текті. Хабарланғандай, ұсталғандар шабуылға күдіктіге көмектесті деген айып тағылып отыр.

Өткен жексенбі күні түстен кейін Ыстамбұл орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған Истиклал көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланды. Шабуыл жасаған күдікті ұсталды, ол Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясымен (PKK) байланысы барын мойындады.

Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу лаңкестік әрекетті жасау Сириямен шекаралас Кобани қаласынан келгенін, ал қылмыскер Түркия аумағына Африн қаласы арқылы кірді деген күдік барын мәлімдеді. Сойлу дүйсенбі күні ел билігі АҚШ елшілігінің шабуылға байланысты көңіл айтуын қабылдамайтынын айтты.

Kazislam.kz порталына сілтеме: Стамбулдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынды 

0 пікір