ШАРДАРА АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Д. Аманов қатысты.Іс-шара барысында зайырлылық қағидаттары, дін мен заңның арақатынасы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, діни сенім бостандығы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттарға сақтықпен қарау, деструктивті идеологиялардың ықпалынан қорғану және ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни және құқықтық мәселелер бойынша практикалық түсіндірмелер ұсынылды.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru