Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Амангелді жалпы орта мектебінде кездесу
Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Амангелді жалпы орта мектебінде кездесу
21.10.2019
1804
0

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Амангелді жалпы орта мектебінде Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Б.Өтеген, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбек, Ордабасы аудандық жастар орталығының жастармен жұмыс секторының маманы А.Жүніс қатысты.

Кездесу барысында елімізде тыйым салынған түрлі экстремистік, террористік ұйымдарға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың зияны, қоғам тыныштығына қатер төндіретін түрлі ағымдардың алдын алу туралы баяндап өтті. Жалпы теріс діни ағымдардың ықпалынан сақ болу ол ең алдымен олар туралы жан-жақты мәлімет алудан басталады. Деструктивті діни ағымдардың ең басты әрекет ету алаңы әлеуметтік желілер болып отыр. Сондықтан да әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарын пайдалану барысында абай болу керектігі мектеп оқушыларына түсіндірілді.

Сөз соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

 

 

0 пікір