«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектерімен кездесу ....
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектерімен кездесу ....
03.02.2023
609
0

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты және өз өкілеттіктері шеңберінде бірлескен бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында «Меморандум» түзілген болатын. Аталған меморандумға сәйкес «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектерімен кездесу және «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясымен» тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы С.Жүсіпбек және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының м.а. М.Халықов үстіміздегі жылдың 30-31 қаңтар күндері Алматы қаласына іс-сапар ұйымдастырды.

Іс-сапар барысында «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ «Тәрбие істері және әлеуметтік даму» департаментінің директоры Бауыржан Шайзанмен, «Түлектерді жұмыспен қамту» секторының меңгерушісі Данияр Мейірбековпен сұқбаттасып, бітіруші түлектерді өндірістік іс-тәжірибеден өткізу және жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. «Әл-Фараби» залында Түркістан облысының студенттерімен ашық сұқбат ұйымдастырылды. Түлектерге жұмыс беруші мекеме тарапынан ұсыныстар айтылып, студенттердің талап-тілектері ортаға салынды.

Сонымен қатар, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры Т.Нүсіпханмен кездесу болып өтті. Аталған академияның жұмысымен етене танысып, алдағы уақытта бірлесіп атқарар ортақ жобалар талқыланды. Кездесу соңында академия директоры Т.Нүсіпхан «Деструктивті діни ағымның ұстанушыларын дәстүрлі құндылықтарға бейімдеуге және оңалтуға қатысты» әдістемелік құралын сыйға тартты.

 Возможно, это изображение 2 человека, люди сидят и в помещении  Возможно, это изображение 2 человека и люди стоят

0 пікір