НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН БІРГЕ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН БІРГЕ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ
14.04.2023
545
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында облыстық Қожа Ахмет Ясауи мешіті жамағатына арналған ауызашарға қатысты.

Ауызашар дастарқанында жамағатқа насихат айтқан Бас мүфти: «Құрметті ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар! Алла Тағала бүгінгі ұстаған оразамызды қабыл етсін! Сіздермен бір дастарқан басында, қасиетті Түркістан қаласында ауыз ашып отырғаныма өте қуаныштымын. Біз бұған дейін Астана, Алматы қалаларында ақсақалдарға ауызашар бердік. Бүгін сіздермен дидарласу нәсіп болған екен. Аллаға шүкір.

Бүгін Діни басқарма жанындағы Ақсақалдар кеңесі Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың басына барып, зиярат етіп, Құран бағыштады. Одан кейін Ақсақалдар кеңесінің аймақтық форумын өткіздік. Алла Тағала игі істерімізге мол сауаптан жазғай» деді. 

0 пікір