Кереғар діни ағымдар бірлікке емес - бүлікке шақырады
Кереғар діни ағымдар бірлікке емес - бүлікке шақырады
20.11.2019
530
0

2019 жылдың 20 қараша күні​ ​ Сайрам ауданы​ Ақсукент​ ауыл округіндегі № 94 жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына​ «Кереғар діни ағымдар бірлікке емес - бүлікке шақырады»​ тақырыбында​ кездесу болып өтті.
Кездесуге​ Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.​
​ ​ ​ Дінтанушы – теолог маман Қазір біздің елімізде ғана емес​ бүкіл әлемде де,жастар мен кәмилетке толмағандардың деструктивті діни ұйымдарға белсенді қатысуының үрейлі үрдісі байқалады.​ Жастардың санасын улау бағытындағы кітаптар, кітапшалар ,ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалар көптеп ашылғандығы байқалуда.Деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының​ салт -​ дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып,өздері тұратын қоғамнан шектетілуде.Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей,​ үлкенге құрмет,білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу,түрлі спорттық шаралар,ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек екендігін айтып өтті.Сонымен бірге Деструктивті діни ағымдардың зияны,олардың психологиялық портреті,қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай,олардың белгілері,сөз және іс – әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді.

0 пікір