Жат ағымнан сақтан
Жат ағымнан сақтан
18.10.2019
578
0
18.10.2019 ж Созақ ауданы Құмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл елді мекені М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Жат ағымнан сақтан» атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді.
 
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ ауданы бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов қатысты.
 
Кездесу барысында 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы және қазіргі таңдағы еліміздің ұстанып отырған Зайырлылық жолы яғни зайырлылық сөзінің мағынасы түсіндірілді. Сондай-ақ теріс діни бағытты ұстанушы топтар жайында мағлұматтар берілді және олардың түр-тұлғалары жайлы психологиялық портреттері бейнеленді. Тек қана арнайы дінтану сараптамасынан өткен кітаптарды ғана оқуға кеңес берілді. Діни сараптама комиссиясынан өткен кітап пен сараптамадан өтпеген кітапты қалай ажыратып білуге болатындығы жайлы кітаптарды көрсету арқылы түсіндірілді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтарымыздың ислам дінінен ажырамағандығын мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді.
 
Кездесу соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
 
На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении
 
 
 
 
На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят и в помещении
0 пікір