Жастар және дін
Жастар және дін
11.02.2020
541
0
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Жастар және дін» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы А.Мейірбек баяндама жасады.
 
Кездесу барысында Деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың психологиялық портреті, қоғам арасында кереғар діни ағымдардың рөлі қалай, олардың белгілері, сөз және іс - әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді.
 
Деструктивті діни ағымдардың ең алғашқы белгісі ол сөздерінде діни терминдерді не арабша сөздерді өте жиі қолданады. Екінші лақап аттар пайдалануында. Үшінші сырт келбеті, киімдерінде өзгерістер болуы. Сақал өсіріп, балақ қысқартып жүруінде. Сонымен бірге музыкадан бас тарту, намазындағы өзгерістер және т.б. мәселелер. Мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дініміз туралыда сөз қозғады. Қазақ халқының ақын-жыраулары еңбектерінде кездесетін діни мазмұндағы шығармалары талқыланды.
 
Сөз соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, алдағы уақыттарына сәттілік тілеп кездесуді аяқтады.
 
На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Аян Мейірбек, люди сидят, люди стоят, экран и в помещении
 
 
 
На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении
 
На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Шардара Ауданы Әкімдігі, люди сидят и в помещении
 
На изображении может находиться: 13 человек, в том числе Шардара Ауданы Әкімдігі и Акбота Инкар, люди сидят и в помещении
 
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении
 
 
 
 
0 пікір