Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы
Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы
11.02.2020
511
0

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінің тұрғындарына «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ дінтанушы маманы Аян Мейірбектің қатысуымен кездесу болып өтті. 

Кездесу барысында Деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың психологиялық портреті, қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай, олардың белгілері, сөз және іс - әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді. Деструктивті діни ағымдардың ең алғашқы белгісі ол сөздерінде діни терминдерді не арабша сөздерді өте жиі қолданады. Екінші лақап аттар пайдалануында. Үшінші сырт келбеті, киімдерінде өзгерістер болуы. Сақал өсіріп, балақ қысқартып жүруінде. Сонымен бірге музыкадан бас тарту, намазындағы өзгерістер және т.б. мәселелер. Мемлекеттіміздің   дін саласындағы саясатының басым бағыттары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ Ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дініміз туралыда сөз қозғады. Қазақ халқының ақын-жыраулары еңбектерінде кездесетін діни мазмұндағы шығармалары талқыланды.

Сөз соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, алдағы уақыттарына сәттілік тілеп кездесуді аяқтады.

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

0 пікір