ДІНТАНУ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ
ДІНТАНУ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ
22.12.2022
538
0
Сарыағаш ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәнінің мұғалімдерінің біліктілігін артыруға арналған семинар өткізілді.
Семинарға спикер ретінде РАТТ мүшесі, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ң директорының орынбасары М.Халықов және белгілі дінтанушы, теолог Ұ.Алиакбарұлы шақырылды.
Біліктілік арттыру семинарына аудандағы жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту еліміздегі қазіргі діни ахуал және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында да маңызды. Орта мектептерде дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білімнің берілуі болашақта еліміздің ішкі тұрақтылығына септігін тигізеді.
Семинар барысында М.Халықов тыңдаушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін жеткізді, сондай-ақ жастарды дінге тартудың технологияларын ашып көрсетті.
Семинар қорытындысы бойынша дінтану пәнінің мұғалімдеріне оқу үдерісінде пайдалану және оқу ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін үлестіру материалдары беріліп, біліктілік арттыру семинарына қатысқандығы үшін арнайы сертификаттар табысталды.
 
Возможно, это изображение 3 человека, люди сидят и люди стоят
 
 
Возможно, это изображение 8 человек, люди сидят, люди стоят и в помещении
 
Возможно, это изображение 6 человек, люди сидят и в помещении
 
Возможно, это изображение 12 человек, люди сидят, люди стоят и в помещении
 
Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и текст «сертификат фикат»
 
Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят, в помещении и текст «сертификат CEPT фикат»
0 пікір