Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотыққа тәрбиелеу
Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотыққа тәрбиелеу
10.12.2019
679
0

Бүгін Мақтаарал ауданы, Атакент кенті № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Мақтаарал аудандық бөлімі маманы Д. Аманов «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотыққа тәрбиелеу» тақырыбында жалпы кездесу өткізді.

Кездесуде жас бүлдіршін спорт майталмандарына тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер болу керектігі айтылды. Ата-ананы құрметтеп, Отанға деген сүйіспеншілік жоғары болу керектігі түсіндіріліп, елге адал қызмет ету әрбір Отандасымызға парыз екендігі тілге тиек етілді.

На изображении может находиться: 1 человек, баскетбольная площадка

На изображении может находиться: 4 человека

0 пікір