Дін- тұрақтылық кепілі
Дін- тұрақтылық кепілі
14.11.2019
396
0

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округінің әкімшілікігінде Қарабұлақ ауылы тұрғындарымен   «Дін- тұрақтылық кепілі » тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты. Жалпы қатысушылар саны 50 адам болды.
     Дінтанушы – теолог маман деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының  салт - дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып,өздері тұратын қоғамнан шектетілуде.Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет,білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу,түрлі спорттық шаралар,ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек екендігін айтып өтті.Деструктивті діни ағымдардың зияны,олардың психологиялық портреті,қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай,олардың белгілері,сөз және іс – әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді.Сонымен бірге музыкадан бас тарту,намазындағы өзгерістер айтылды.Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарамауы,әскери қызметтерден бас тартуы,жалған жихадтты насихаттауы,спорт,әскер саласында жүрген адамдарды көптеп тартуға тырысатындығы баяндалды.Кездесу сонында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0 пікір