Дін және жастар
Дін және жастар
04.11.2019
366
0

2019 жылдың  қарашаның 04 күні​ Сайрам ауданы​ Ақсукент​ ауыл округі тұрғандары және мектеп оқушыларына  «Дін және жастар » тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.
​ ​ ​ Дінтанушы – теолог маман Қазір біздің елімізде ғана емес бүкіл әлемде де,жастар мен кәмилетке толмағандардың деструктивті діни ұйымдарға белсенді қатысуының үрейлі үрдісі байқалады. Жастардың санасын улау бағытындағы кітаптар, кітапшалар ,ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалар көптеп ашылғандығы байқалуда.Деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының​ салт - дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып,өздері тұратын қоғамнан шектетілуде.Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет,білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу,түрлі спорттық шаралар,ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек екендігін айтып өтті.Сонымен бірге Деструктивті діни ағымдардың зияны,олардың психологиялық портреті,олардың ғаламтордағы белсенділігі айтылды.Ата – аналар өз перзенттеріне қамқор болуларын,олардың ғаламторда отырғанда ғаламтор ережелерін сақтау керектігін түсіндірді.Кездесу соңында тұрғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0 пікір