Дін және жастар
Дін және жастар
16.09.2019
335
0

Бүгін Жетісай ауданы, «М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде» «Дін және жастар» тақырыбында мектеп ұстаздары мен оқушыларына «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай аудандық мамандары М. Салиходжаев және Б. Шаймерден жалпы кездесу өткізді. Кездесу басында аталмыш орталықтың мамандары жиынға қатысушыларға еліміздің ертеңін сеніп тапсыра алатындай жастардың қандай болуы керек? - деген сауалмен бастап, оқушылар өздерінің ой – пікірлерін ортаға салды. Маман Б. Шаймерден: Елдің болашағының бар – жоғын жастарының тыныс – тіршілігінен білеміз демеп пе еді әл –Фараби бабамыз. Кез келген елдің болашағы жастар. Келешекте еліміздің рухани құндылықтары мен дүниетанымы бекіген, бар салада тұрақты, әлемдегі басқа елдердің арасында маңдай алды мемлекеттің бірі болып тұруын жасайтын бүгінгі қазақ жастары білімді де тәрбиелі, ұқыпты да ынталы, бір сөзбен айтқанда әмбебап болуы керек. М. Салиходжаев:

Иә, тәуелсіздікке қол жеткіздік, бабаның қаны, ананың жасы сіңген қазақтың дарқан қасиетті даласының, ондағы бар байлықтың болашақ иесі, тірегі жастар десек, сол жастардың көпшілігі уақытын зая кетіріп, білім ізденіп, еңбек етудің орнынан пайдасыз дүниелермен шұғылданып, әлеуметтік желілердің шырмауынан шыға алмай жүргені жасырын емес. Пайдасынан зияны басым ғаламтор беттерінен жат діни ағымның вирусын жұқтырып, елге қызмет етудің орнына оған орасан зияны тиіп жүргендер де кездесіп жатыр. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін туған топырағымызды ғасырлар бойы қалыптасып өркен жайып сіңісті болған дәстүрлі діни танымдық үрдісіміздің ел тұтастығын сақтауда бірден – бір тірер жол екендігіне сенген абзал.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!» - деп біртуар азаматтарымыздың бірі, алаш қайраткері М.Жұмабаев жырлағандай алдағы болашақтың бастауы боларлық мүмкіндік «көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалыны бар, ары жанынан қымбат болған» сіз жастарымыздың еншісінде екенін әсте естен шығармауымыз керек!

0 пікір