Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті
Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті
13.09.2019
500
0

Түркістан қалалық орталық кітапхана қызметкерлерімен жалпы кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы, қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дүйсен Асхат қатысты. «Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу барысында ұлттық құндылықтармен біте қайнасқан дінімізбен дәстүрлі емес діндердің айырмашылықтарын түсіндіру. Жат ағым өкілдерінің пайда болу және мақсаты, ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері, олардан сақтану жолдары туралы айтылып өтті. Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап берілді.

 ÐÐ° изображении может находиться: 5 человек, люди сидят, стол и в помещении
0 пікір