«Деструктивті ағым жақтастарымен күресудің тиімді тәсілдері».
«Деструктивті ағым жақтастарымен күресудің тиімді тәсілдері».
08.08.2019
446
0
 
Жетісай ауданы, Жетісай қаласы аудан мешіттерінің имамдарымен семинар болып өтті.
Семинарға облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Жетісай аудандық теолог - маманы Б. Шаймерден, М. Салиходжаев қатысты.
Семинар барысында имамдарға діни сауаттылық, имамның тұлғалық келбеті, жат ағымдармен күресудің тиімді жолдары айтылып, пікірлер тыңдалды. .
 
М. Салиходжаев жас буынның санасын улап, дінді саясат қаруы ретінде қолданған діни ағым өкілдерінің бетін қайтару үшін, имамдарымыздың жұмыстары екі есе жауапкершілікті талап етенін айта келе, жат ағымдарға тосқауыл қою үшін имамдардың білімін жетілдіріп, сауатын арттыру мақсатында семинарлар өткізу қазіргі уақыттың талабы екендігін тілге тиек етті.
 
Б. Шаймерден өз кезегінде діни ахуалға қатысты аймақта жүргізіліп отырған шаралар мен жоспарларға тоқталып, семинарға қатысушыларды осындай игі істерді тындыруда жұмылған жұдырықтай бірігіп әрекет етуге шақырды.
0 пікір