Дәстүрлі дін мен экстремизм
Дәстүрлі дін мен экстремизм
12.02.2020
592
0

2020 жылдың 12 – ақпан күні Сайрам ауданы Арыс ауылдық округіне қарасты № 12 Т.Рүстемов атындағы мектеп - гимназиясының жоғары сынып оқушыларына «Дәстүрлі дін мен экстремизм» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.

 Дінтанушы – теолог маман Дәстүрлі діндер деп - бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан діни әдет- ғұрыптары, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым- қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүруімен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, оған қарсы келмей ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Ал дәстүрлі емес дін деп - қоғамда тарихи- мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт - дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым. 

Қазіргі қоғамда түрлі діни ағымдарды дәстүрлі емес діни ағым немесе деструктивті діни ағым деп атайды. Экстремизм - «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді . Жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады.
Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Бұған қарсы тұруымыз үнін дәстүрлі дін жайында жалпы түсінік қалыптарстырып, жүйелі білім алу. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих жайлы кеңінен тәлім алып. Жалған, сенімсіз сайттардан білім алмағанымыз жөн. Діни сұрақтар туындаған жағдайда арнайы теолог, дінтанушы мамандардан немесе жергілікті ҚМДБ – на қарасты мешіт имамдарынан кеңес алуға шақырамын.

Кездесу сонына қарай оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

На изображении может находиться: Bytanov Zhangeldy

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 20 человек, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 11 человек, толпа и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Bytanov Zhangeldy, люди стоят

0 пікір