АТТ мүшелеріне арналған курс аяқталды
АТТ мүшелеріне арналған курс аяқталды
15.08.2019
440
0

Шымкент қаласында ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру топтарының түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы аяқталды. Ұйымдастырылған 4 күндік курсқа Шымкент және Түркістан облыстарының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріі қатысты. Қатысушыларға «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Асқар Сабдин, сарапшы-дінтанушы, «КАZISLAM» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы Тұрар Әбуов, философия магистрі Ольга Гайко, Тарихшы Ж.Ахан, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы дәріс өткізді. Курсты ұйымдастырған «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы соңғы күні оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіп, нәтижесінде сертификаттар мен арнайы куәліктер табыстады.


0 пікір