Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
07.07.2021
981
0

Қазақстанда соңы он жылдықта орын алған террористік актілер және діни экстремизмнің өрістеуі мемлекеттің дін саласына деген көзқарасын қайта қарауға мәжбүр етті. Қазақстан тарихында болмаған осындай террористік оқиғалардан кейін мемлекет тарапынан «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, діни қатынастарды оңтайландыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы қабылданып Елбасымыздың 2017 жылғы 20 маусымдағы жарлығымен бекітілді. Кейін Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

 

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тұжырымдамасы не үшін керек?

Қазақстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясатының қабылданған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жақсартуға, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ресми көзқарастар жүйесі болып табылады. Осы қабылданған бағдарлама діни саладағы мемлекеттік саясатты дамытуға, нормативтік құқықтық актілер жүйесін жетілдіруге, елдегі діни саланы реттеу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқарушылық шараларға негіз болуға тиіс. Сондай-ақ тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін шоғырландыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін дамыту бағдарын жүзеге асыруы қажет.

Қабылданған бағдарламада мемлекет дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, сондай-ақ кез келген нысандағы және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдап жатқаны атап өтілді. Құжатта 2017 жылғы 1 қаңтарда ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3700 астам діни бірлестік пен олардың филиалдарының жұмыс істеуі үшін елде қажетті жағдайлар жасалғаны айтылған. Дәстүрлі түрде олардың ішінде ең көп саны-ханафи мазхабындағы ислам және православиелік христиан. Сонымен қатар католиктік және протестанттық конфессиялар, иудейлік, буддисттік және басқа да қауымдар бар.

Қабылданған бағдарлама төмендегі мемлекеттік міндеттерге бағытталады:

  •     мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету;
  •     діни саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру;
  •     мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының бірыңғай жүйесін жетілдіру;
  •     азаматтардың ар-ождан бостандығына және діни нанымдарын құрметтеуге заңмен кепілдік берілген құқықтарын қамтамасыз ету;
  •     діни бірлестіктердің толыққанды жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздікті, зайырлы мемлекеттің конституциялық негіздерін бұзатын және халықтың жекелеген топтарының радикалдануына ықпал ететін деструктивті діни ағымдардың қызметіне жол бермеу;
  •     халық арасында қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша мемлекет іске асырып жатқан шараларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, діни саладағы уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүдделі.

Мемлекет назарын аударатын негізгі міндеттер:

  •      дін саласындағы заңнаманы жетілдіру;
  •      мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту;
  •      діни экстремизм идеологиясына қарсы және деструктивті діни ағымдардың қызметін бейтараптандыру.

Дін – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, мәдени және рухани маңызды бөлігі болып табылады. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары арқасында Қазақстан Республикасында діннің еркін дамуы үшін жағдайлар жасалынды. Діни қызметтің өзге де ұйымдарына әлеуметтік шектеулер алынып, зайырлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың негізі қаланды, діндер арасындағы диалог, әлеуметтік әріптестік және ұйымдармен сындарлы саясаттың негізгі бағыттары қабылданды. Нәтижесінде тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар егемен мемлекет ретінде танылды. Сонымен қатар діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ел болып қалыптасты.  

 

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ

теолог маманы         А.Дүйсен

0 пікір