Шынайы мұсылмандық неке ойыншық емес
Шынайы мұсылмандық неке ойыншық емес
10.12.2019
1664
0

 

 

Кез-келген қызды жасырын некемен қалыңдық қылып алған адам ертеңгі күні оны сорлатып тастап кетпесіне кім кепіл?

Біріміздің қызымыз болса, енді біріміздің қарындасымыз емес пе?

Сонда оның келешегі не болмақ?

 

          Қазіргі қоғамда пайда болған исламды ту еткен діни ағым ұстанушылары,әйел мәртебесін көтеріп берген исламдағы ережелерді елемей, әйел мәртебесін аяқ асты етті. Шариғаттың белгілеген некелесу мен некені бұзу кезіндегі талаптарды діни сауатының жоқтығы себепті білмей, шариғат шеңберінен шығуда. Міне, мұндай сұмдықтың жолын кесу үшін жасырын некелерге тосқауыл қоюға тиіспіз. Исламда қиылған некеден қамқоршылардың хабардар болуы, қыз баланың өз игілігі үшін. Ислам құқықы неке бабында белгіленген шарттармен міндеттерге тоқталып өткенді жөн көрдім.

          Неке сөзінің негізі – никах деген арабтың сөзінен шыққан. Тілдік мағынасы бірігу, қосылу дегенді білдіреді. Шариғаттағы терминдік мағынасы – ер мен әйелдің төсек жақындығын адал ететін, әрі ортақ өмір кешіп, ортақ ұрпақ жалғастыруларын қамтамасыз ететін келісім – шарт. Некенің өзіндік парызы мен шарттары бар. Олардың толық болуы өте маңызды.              Некенің парызы екеу. Оны рүкін деп атайды:                                             Олар Ұсыныс және Қабылдау – негіздердің бірі. Өйткені үйлену келісімінің болуы екі жақтың осы үйленуді бір-бірімен қабылдауына қатысты. Ханафилер бойынша, неке келісімінің негіздері ұсыныс және қабылдаудан тұрады.                                                                                 Некенің шариғатқа сай болу шарттары төмендегідей:

  1. Некелесуе рұқсат етілген жандар. Яғни, үйленуге рұқсат етілмейтін ағайын – туыс ,сүт бауырлар, біреудің әйелі немесе апалы – сіңлілі екі қызды бірдей алу сияқты жағдайлардың орын алмауы.
  2. Өмірлікке некелесу. Үйленетін жандар некені өмірлік мақсатта құруға тиіс. Шариғат бойынша уақытша үйлену, қызықтау үшін үйлену некеге жатпайды.
  3. Куәгерлік. Қиылған неке дұрыс болуы үшін куәгердің болуы шарт.
  4. Екі жақты ризалық. Егер екеуінің бірі зорлықпен үйлендірсе неке дұрыс болмайды.

          Көптеген мәзһаб имамдардарына қарай үйленудің негіздері – төртеу. Ұсыныс, қабылдау, әйел, еркек, тұрмысқа шығатын әйелдің заңды өкілі. Заңды өкіліне ата-анасы немесе солардың орнын басатындар жатады.

Мәһір дегеніміз – жігіттің қалыңдыққа міндетті түрде беретін құнды сыйлығы. Мәһірді некеден бұрын да, кейін де беруге болады.

        Ал ендігі кезекте үкімі жойылған некені айта кетсек. Бұл жерде «мұта» некесі туралы толығырақ айтпасқа болмайды. Бір ер кісі бір әйелге «мұнша ақшаға сені пәлен уақытқа жыныстық қызығыңды көрейін» деп әйел де мұны қабылдайтын болса, бұған «мұта» некесі деп атайды.Бұл жерде «пәлен уақытқа» деп айтудың да, некеде куәлардың болуы да шарт емес.                         Төрт мәзһаб имамдары бойынша, осы «мұта» некесі және осыған ұқсас түрлері түгелдей харам және жалған неке.                                                Исламның алғашқы кезеңдерінде Аллаһ елшісі кей-бір ғазауат соғыстарында кейбір зәру жағдайға, себепке байланысты осындай некеге рұқсат берген болатын. Ибн Аббас та: «Мұта некесі Исламның алғашқы кездерінде бар еді», – дейді. Мұта некесі Исламнан бұрынғы арабтарға тән неке түрі еді. Олар сапарға яки соғысқа шыққанда кейбір әйелдермен осылай некелесетін. Бірақ көп ұзамай Хақ пайғамбар осы мұта некесіне қатаң тыйым салды. Сол хадистердің кейбірі төмендегіше: «Уа, адамдар! Мен сендерге әйелдермен мұта некені жасауға рұқсат берген едім. Сөзсіз Аллаһ оны қияметке дейін харам етті. Кімнің жанында мұта некелі әйел болса оны қоя берсін. Оларға бергендеріңнен ешнәрсе алушыболмаңдар».

       Талақ – араб тілінен енген сөз. «Ажырасу, некелерін бұзу» деген сөз. Исламда неке мынадай жағдайларда бұзылады. Ислам дінінде талақ ету тізгінін ер кісіге берген. Талақтың рүкіні әйелін талақ етердегі айтылатын арнайы сөзі мен тәсілі. Яғни, тікелей «сені талақ еттім», «біз ажырастық» деп ашық білдіргені секілді ауыспалы мағынамен «үйден кет», «бұдан былай көзіме көрінуші болма» деген сөздер. Неке бұзылып жаңа бір неке болмайынша ерлі-зайыптылық өмірді жалғастыруға мүмкіндігі жоқ талақты «баин (айқын) талақ» деп атайды. Ғиддат мерзімі аяқталғанға дейін жаңа неке қимай-ақ райынан қайтып, әйеліне қайта қосылуына мүмкіндік беретін талақты «ражғ (қайту) талақ» деп атайды. Ғиддат – (сөздікте) белгілі сан, талақ етілген, яки ері қайтыс болған әйелдің қайтадан тұрмыс құруы үшін басқа біреуге тұрмысқа шығу мүмкіндігіне ие болуы үшін белгілі бір уақыт күтуге мәжбүр мезгілі.

            Исламда ақ некені арайы неке құқықтарының шарттары мен міндеттері арқылы шегелеп бекітілген ережелер төңірегінде жүзеге асырады. Жап-жас қызды қорқытып – үркітіп некеге тарту,аз уақыт өз нәпсісін қанағаттандырған соң керексіз зат секілді «талақсың» деген сөз арқылы өз жөнімен кете береді. Сонда әйел затының сұрауы жоқ па,неке мен талақ ойыншық па, пәпсі құмарлығы үшін отбасы деген асыл ұғымды аяқ асты еткені. Сонда бұл адамдардың ұстанып жүргені қандай дін,қай Ислам?Нағыз ислам дінінде әйел затының мәртөбесі өте жоғары.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Ато әс – Сынбати, Мұхитдин Исаұлы, Отбасы ғылымхалы. 247-249 бет, Алматы, 2011 ж.

fatua.kz.

 

 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Сайрам аудандық бөлімі  маманы                                                 Ж.Битанов

 

0 пікір