Деструктивті діни ағымдардың көріністері, негізгі мақсаты
Деструктивті діни ағымдардың көріністері, негізгі мақсаты
27.02.2023
532
0

Түркістан облысы Сайрам ауданы №62 М.Анартаев атындағы жалпы орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың көріністері, негізгі мақсаты» атты тақырыпта мектеп оқушыларына ақпаратттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Аталмыш жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Тағай қатысты. Теолог маман өз тарапынан еліміздің ұстанған жолы зайырлылық екенін жеткізді. Сондай-ақ қазіргі таңда адасып жүрген теріс діни бағыттағы ағымдардан алданып қалмау керек екенін және олардан сақтану жолдары айтылды. Әсіресе қазіргі таңда ғаламтор арқылы жалған (фейк) аккаунттарды пайдалану арқылы болып жатқан түрлі арандатушылыққа түспеуге шақырды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүріміздің бірнешеуіне тоқтала кетіп ислам дініне қарама-қайшы еместігін түсіндірді. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берді

0 пікір