Дін және дәстүр тағылымы
Дін және дәстүр тағылымы
17.10.2019
881
0

Бүгін 2019 – жылдың 17 - қазан күні Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаевтың қатысуымен Жетісай ауданы, Ж. Ералиев ауылдық округінде орналасқан «С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде» мектеп ұстаздары мен оқушыларына дін салсасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Дін және дәстүр тағылымы» тақырыбында дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге өзек болған мәселелер: бірнеше ұлт өкілдері шоғырланған мектепте ұлтаралық және дінаралық татулық мәселелерін кеңінен түсіндіру, деструктивті діни ағым өкілдерінің дәстүрді теріске шығарудағы түпкі мақсаты жайлы ақпарат беріп, жастар арасында кез келген келеңсіздіктің алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізу. Маман М. Салиходжаев әуелгі кезекте ұлтаралық және дінаралық татулық мәселесіне тоқталды. Қоғамдағы қалыптасқан ұлтаралық, конфессияаралык рухани келісімді әлсіретіп, қақтығыстар тудыруды көздейтін деструктивті діни ағымдардың республикада, облысымызда кездесетін айта келе, халықаралық ахуал күрделеніп тұрған кезеңде еліміздің қауіпсіздігін сақтау - ең басты мақсат екенін еске сала өтті. Жеткіншек жастарымыздың ел арасында іріткі салып, қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін діни ағымдардың шылауында кетуіне жол бермеуіміз керектігін де тілге тиек етті.

Еліміздің әрбір азаматы өзінің діни нанымы мен көзқарасына қарамастан, алдымен тәуелсіз Қазақстанның азаматы, өз Отанының патриоты екенін ұмытпауы қажет. Бірлік, достық, татулық болса, еліміздің биік тұғырдан көрініп, тарих сахнасынан өз орнын табары сөзсіз. Жалпы діндердің тек қана бірлікке, тыныштыкқа мейірімділікке шақыратыны хақ. Осы орайда, ұлтаралық келісімді, конфессияаралық татулықгы сақтау - бәріміздің ортақ мақсатымыз әрі мүлт кетпес парызымыз.

Келесі кезекте дін мен дәстүр тағылымына тоқталған маман М. Салихожаев дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар екенін айта келе, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым, екеуі егіз тақырып екеніне тоқталды . Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады деп оқушы жастардың санасына сіңімді, құнды мәліметпен бөлісті. Жат ағым өкілдерінің көзқарасындай ислам діні – терроризм діні емес екендігін жеткізіп, ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлгенін де айтты. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып та табылатынын ескертті.

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Максат Салиходжаев и Ербол Байгунаков, в помещении

На изображении может находиться: Ербол Байгунаков, Сандугаш Оспанова и Максат Салиходжаев

На изображении может находиться: 29 человек, в том числе Алшимбаев Канат

0 пікір