Деструктивті діни ағымдардың алдын алу
Деструктивті діни ағымдардың алдын алу
04.10.2019
631
0

Сайрам ауданы Құтарыс ауыл округіндегі «Бауыржан отбасы үлгісіндегі балалар ауылы » КММ – нің балаларына,мұғалімдеріне «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Деструктивті діни ағымдардың ең алғашқы белгісі ол сөздерінде діни терминдерді не арабша сөздерді өте жиі қолданады.Екінші белгілері лақап аттар пайдалануы болса.Үшіншісі сырт келбеті,киімдерінде өзгерістер болуы.Сақал өсіріп,балақ қысқартып жүруінде.Сонымен бірге музыкадан бас тарту,намазындағы өзгерістер және т.б.мәселелер. Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.

 

0 пікір