Ислам дінінің жастарға тәрбие берудегі рөлі
Ислам дінінің жастарға тәрбие берудегі рөлі
18.04.2022
981
0

Адамды тəрбиелеп, оны орынды əрекеттерге аяқ бастырып, өзін тануға, өзінің жақынын тануға, тіптен өзгені өзіндей сезінуге ерекше əсер беретін – ол дін. Сондықтан адам діннің құдіреттілігін бағалай білуі шарт. Қоғамдық дамуда діннің кері əсері жоқ, керісінше, адамдарға адамшылдық қасиеттердің қалыптасуына ерекше мүмкіндік беретін құбылыс. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса коғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Сонымен қатар, дінге деген көзқарастар да әр кезеңде, әр қоғамда сан алуан болып келеді.

Жастар қашан да әр халықтың ең құнды қазынасы болған, солай бола береді де. Себебі, жастар – елдің тірегі, болашағы. Елдің ертеңі болған жастар тәрбиесі бүгінгі күнге дейін маңызды болған, әрі қашанда басты мәселелердің бірі бола беретіні анық. Халқымызда «Ағашты шыбық кезінде түзуле» деген жақсы сөз бар. Өйткені, жат ағыммен жарға жығылып, қоғамның санасын улап, тығырыққа тіреліп жатқандардың көпшілігі жастар. Ислам діні қашанда жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетіп, оның тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырып келген. Себебі, дұрыс бағыт алған жастар елдің үмітін ақтайды. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Қазіргі қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі мазмұнына дұрыс үңілместен қарайтын жағдайларда кездеседі. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, ілім-бімге, талапты болуға шақыратын дін.      Ислам тәрбиесінің біздің қоғамымыз үшін пайдасы болмаса, ешқандай зияны жоқ. Өйткені ата-бабаларымыз дін мен дәстүрді қатар алып жүрген. Сол дәстүрді жаңғыртуымыз керек. Өкінішке орай кейбір құндылықтар дінімізден, ұлттық тәрбиемізден, дәстүрімізден жоғары болып тұрған сияқты. Сол үшін Ислам тәрбиесі арқылы қоғамдағы келеңсіз жағдайлардан арылуға болады.                                                                  

Ғылыми зерттеулер – діннің  адам санасына, тəрбиесіне үлкен əсер барын айтады. Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейрімділік қасиетке ие болады. Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор. Ислам дінінің ерекшелігі – ұлттық  салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды, рухани қазыналарымызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіптілік заңы. Ислам діні имандылыққа жетелейді, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайды. Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінез-құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын. Осылай жастар имандылықты дұрыс түсініп, жақсы əрекеттерімен өздерін көрсетуі керек. Бұл ұғымдар-мəдениеттіліктің ең керекті нышандары, бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі. Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке айналады. Адамның болмысы қайшылықтарға толы: өмір жəне өлім, пендешілік жəне руханилық, өзімшілдік, лəззат жəне парыз. Діннің басты қызметі – адамдық  қарым-қатынастарды белгілі бір тəртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдарды иландыру, сендіру. Дін –  мəдениеттіліктің бастамасы жəне оны қорғаушы күші. Кейбіреулер дін салт-дəстүрмен шектелмейді деп ұғады, ол дұрыс емес, өйткені салт-дəстүрімізден бастау алып, мəдениеттілігімізді көрсетеміз. Дін – рухани мəдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі тəрбие жөніндегі бағдар мен жол.                                                                                                                     Қазіргі кезде жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Елімізде жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, ресми тіркелген діни бірлестіктердің заңды өкілдерімен тұрақты қарым-қатынаста болуларына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді деп ойлаймын. Халқымызда «Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» дейді. Дінің қасіретін көрмеу үшін жастарды діни адасушылықтан сақтайтын бірден бір жол – діни сауатты толығынан ашу.        

Қорытындылай айтақанда, Мағжан Жұмабев:

«Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн»,- деп өлең жолдарымен жастарға үлкен бағыт көрсеткен. Шынында да ел болашағы біз сияқты жастардың иманды, таза, текті, тәрбиелі болуы қоғамның беріктігін одан әрі сақтайды деп ойлаймын.

  

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ-нің

дінтанушы маманы      Ж.Байгерей    

0 пікір