Діни таным: ақпарат пен ақиқат
Діни таным: ақпарат пен ақиқат
27.10.2021
903
0

Қоғам тарихында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бастап технологиялық революция феномені бастамасын тауып міне осы күнге дейін зымыраған қарқынмен дамып, адамзаттың өмірін таңғаларлық өзгеріске салып келеді. Бұл революция көптеген салдарға алып келді, ғылым сан түрлі бағыттарға ыдырап жаңа ғылым және ілім салалары туындады, осы сәттерден бастап автоматтандырылған технологиялар тоқтаусыз дамып өзгеріске түсе бастады. Соның ішінде байланыс құралдары мен есептеу машиналары пайда болды.

Есептеу машиналары бастамасын XX ғасырдың 50-60 жылдары алады. Алғашында ешбір қатер қауіпсіз әлеуметтік технологиялар қоғамға еніп кетті, бірақ тәжірибе көрсеткендей, кез келген жаңалық адамзат үшін тек пайдасын тигізе қоймай, кері әсерін де қалдырады. Пайда табу көзі бар жерде адамдар пайданы көптеп, кейде шексіз көргісі келеді, соның салдарынан заң нормаларын кесіп өту де туындайды.

Компьютерлік қылмыстар ұғымы немесе казіргі кезде айтатындай «киберқылмыстар» салыстырмалы түрде жаңа ғасырда пайда болды. Адамзат өмірі күнделікті үйреншікті жай өмір мен виртуалды өмірге бөлініп кетті. Адамдар ара-қашықтықты қысқартып үйренді, үйден шықпай-ақ жер көру, сөйлесу, көрісу, құжаттар жіберу, құпияларын айту, тіпті сатып алуды орындау қиынға түспеді. Осының барлығы жаңа азаматтық қатынастарды алып келді, ал адам қатынасқа түскен жерде әрдайым қылмыс орнын тауып өтеді.

Компьютерлік технологияның дамуының арқасында, ақпаратты қылмыстық мақсаттар үшін электронды түрде өңдейтін «кибертерроризм» деген атқа ие болған қылмыстың түрі пайда болды.

Кибертерроризм тізіміне әртүрлі вирустарды, жасырын ақпараттарға, мемлекеттік құпияларға қол жеткізу мақсатында ғаламтор желісін пайдалану, сондай-ақ жаппай деструктивті сипаттағы материалдар мен ақпараттарды тарату және насихаттауды жатқызуға болады.

Мемлекет ғаламтор кеңістігінде деструктивті сайттарды, порталдарды, интернет-парақшаларды, форумдарды анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

Бұл мониторингтің көмегімен интернет-ресурсты «деструктивті» немесе «діни терроризмнің нышандары бар» деп анықтайтын дінтанулық сараптама жүргізіледі.

Сараптама қорытындысының негізінде сот жүргізіліп, айтылған ресурсқа Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде таратуды тоқтату немесе толықтай жабу жөніндегі мәселе шешіледі.

Кибертерроризмге қарсы әрекет етудің бір амалы желіден деструктивті мазмұндағы материалды жедел түрде жою және оған кіру мүмкіндігін жабу.

Ешкім компьютерлік сауаттылыққа теңдей ие емес, біреулер жаңа технологияларды жетік білсе, екіншілер базалық дәрежеде ғана пайдалана алады, үшіншілер мүлдем олардан алшақ. Сондықтан күштілер жоғарыда, ал әлсіздер төменде болады, біреулер осы қатынастардың субъектілері, екіншілері қолсұғушылықтың объектісі болады.

Интернет арқылы таратылатын ақпараттар мен зияткерлік шығармалар, авторлық және сабақтас құқық иегерлері зиян шегетін мөлшерді елестеткеніміз жеткілікті. Жасөспірім балалар порнографиясы мен лицензиялы өнімдердің контрафактілі көшірімдері қоғамға моральді және материалды шығын келтіреді. Бұл зиян мөлшері миллиондаған не миллиардтаған қаражат мөлшерінде есептеледі. Мұндай жағдайда қылмыскерді жауапқа тарту мүлдем мүмкін емес, себебі заңсыз ұсыныс жасаушы жердің нақты белгісіз бір нүктесінде орналасса, мысалға Бразилияның бір жерінде болсын, ал тұтынушы Казақстанда болуы мүмкін. Жаңа технологиялар мен глобалды Интернет желісі адам баласының қадағалауына және бақылауына бағынбайтын XXI ғасырдың, қоғамның, жеке тұлғаның іштей құртатын үлкен бір жауы. Мұндай зиянкестермен күресудің бір амалы болып барлық мемлекеттердің бірдей болып бірігіп, ынтымақтастық білдіре білгені болады. Қазіргі таңда көріп отырғанымыздай мемлекеттер арасында тек қана жанжал мен саяси қақтығыстар орын тауып отыр, оның бірден бір себебі терроризм мен экстремизм, саяси тұрақсыздық, бүкіләлемдік дағдарыс пен халықаралық аренада жер қойнауына күресу, сыбайлас жемқорлық, діни араздықтың дамуы, ал осының барлығының дамуының ең тиімді құралы – ол ИНТЕРНЕТ желісі.

 Жеке тұлғаның рухани өмірі мен ақпараттық қауіпсіздігі саласында.Осы саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің объектісі ретінде адамдардың көз-қарасы, олардың өмірлік құндылықтары және идеалдары, әсіресе мемлекет пен қоғамға маңыздылардың бірі патриотизм, азаматтық парыз, этникалық және діни шыдамдылық және т.с.с., тұлғаның әлеуметтік және жеке ориентациясы, мәдениеттік және эстетикалық сұранымдары, тұлғаның  психикалық денсаулығы табылады.

Рухани өмір саласы басқаларына қарағанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көбінесе жүзеге асырылатын ақпараттық-пропагандалық әрекеттерге, идеологиялық қысымға, мәдениеттік экспансияға өте сезімтал келеді. Осыған байланысты бұқаралық ақпараттық құралдар (БАҚ) тұлғаның рухани өмірінің қалыптасуында анықтаушы рөл атқарады. Ол БАҚ-ры қоғам алдында үлкен жауапкершілікке ие дегенді білдіреді. Соның ішінде ерекше орынды Интернет алып отыр, ол өзінің ашықтығы мен қол жетімділігі арқылы халықаралық терроризм мүддесі үшін, яғни теріс ақпарат арқылы адамдарға әсер ету құралы ретінде, қатыгездікке, ұлтаралық бөлініске, діни экстремизмге итермелейтін құрал ретінде пайдалануы мүмкін.

Рухани өмір саласындағы қауіптің алдын алу және нейтрализациялау, ең басты, елімізде қоныстанған көптеген этностардың тарихи және мәдени салт-дәстүрлерін, мүдделерін ескеретін мемлекеттік идеологияны қажет етеді. Осындай идеология негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптерін бағалаудың нақты критериилері, негізгі приоритеттері және осы саладағы мемлекеттік саясат жасалуы мүмкін.

Зиянды және теріс ақпарат трафигін қадағалау мақсатында ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды жүзеге асыру, Интернет саласын құқықтық реттеу жұмыстары қажеттілік тудырып отыр.

Тарихи-мәдениеттік ғұрыптарды құрайтын ақпараттық ресурстардың сақталуын және дамуын қамтамасыз ететін, сонымен қоса мәдениеттің коммерциализациялауына қарсылық көрсететін құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды жасау қажет.

Компьютерлік қылмыстармен күресу саласындағы қылмыстық саясаттың қағидалары қатарына келесілерді кіргізуге болады: теңдік қағидасы, демократиялылық, әділдік қағидасы, ізгілік, адамгершілік қағидасы, жауапкершілік қағидасы, заңдылық қағидасы, ғылымилылық және т.б.

Теңдік немесе теңқұқықтылық қағидасы дегеніміз кез келген адам заң мен сот алдында абсолютті түрде тең, оның нәсіліне, діни нанымына, жынысына, түріне, жасына, тіліне, ұлтына, еліне, көз-қарастарына, тәндік қасиеттеріне, материалдық жағдайына, шығу тегіне, туған жеріне, тұрғылықты жеріне, қызмет бабына, қанына, түсіне, дене бітіміне және басқа да адамды өзге адамнан ерекшелейтін қасиеттеріне және жағдайларына қарамастан жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары жағынан тең екенін білдіреді. Нақ осы ерекшеліктер компьютерлік қылмыстылық қатынастар арасында да негіз болады.

Болашақта жай ғана қатардағы адамның күнделікті өмірін компьютерлік технологияларсыз елестетіп көру де мүмкін емес, жаңа қоғамға жат құбылыс секілді. Мемлекеттердің компьютерлік қылмыстылықпен күресуге бағытталған шараларына қарамастан әлемдегі оның саны күрт өсіп келеді.

Сонымен, осыдан көріп отырғанымыздай, әлемдегі ақпаратық жағдай мен салыстырмалы түрде еліміздегі осы мәселеге деген қарым-қатынас белгілі болып отыр. Сол себепті ойланатын кез ғана емес, шараларды жүзеге асыратын жай келді. Дамыған елдердің құқықтық тәжірибесін ескере отырып өзімізге тиесілі оңтайлы және пайдалы қолданбалы нәтижелерін алғанымыз дұрыс. 

 

 Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

директорының орынбасары             Медет Халықов

0 пікір