ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА
ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА
24.07.2024
454
0

Бүгін Кентау қаласында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебі» КММ және «Кентау спорт клубы» КММ қызметкерлеріне «Шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі» атты тақырыпта кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бердуәлі Өтеген, Кентау қалалық полиция лейтенанты Шерхан Есімхан және Кентау қалалық орталық мешітінің найб имамы Дастан Усманұлы қатысты.
Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
Кездесу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Возможно, это изображение 9 человек

 

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 14 человек

0 пікір