Бүгін Түркістан облысының дін істері басқармасы және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы «Достық үйі» ғимаратында «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында этнос жастарына «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің тұсаукесері өтті.
Көрсетілімнің тұсаукесеріне облыс әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы, дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы, «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің басты актерлары мен режиссері Қуаныш Данияр, Мұқағали Әбдішәріп және Махамбет Балтабаев қатысты.
Жоба аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы тарапынан «Махамбет» шығармашылық фильм ұжымы марапатталды.
Фильмнің басты мақсаты қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын өзге елде теологиялық білім алуға құштар жастарымызды теріс пиғылды ағымдардың ықпалынан сақтау, ұлттық ұстанымдарды дәріптеу.
Сондай ақ, «Махамбет» фильм шығармашылық ұжымы облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің жанынан ашылған «KULTOBE» медиа студиясымен танысты.