ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҚХА-НЫҢ «ЖАҢА ТОЛҚЫН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ
ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҚХА-НЫҢ «ЖАҢА ТОЛҚЫН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ
09.12.2024
362
0

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңа толқын» жобасы аясында «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің кеңейтілген отырысы өтуде. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.
Басқарма басшысының орынбасары өз сөзінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы тек этносаралық байланысты нығайтып қана қоймай, жастардың болашағына да назар салып, олардың қоғамдағы белсенділігін жоғарылату бағытында да келелі істер атқарып келе жатқанын атап өтті. Бұл орайда, Ассамблея қанатының астында игілікті істер атқарып жүрген "Ассамблея жастары" қоғамдық бірлестігі өңір жастарын бір арнаға тоғыстырып мазмұнды шаралар мен сапалы қызметтер көрсетіп келеді.
Жиынға ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Менеджмент және туризм» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Алмас Құралбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нұрлан Амандық,
Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры Медет Халықов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева арнайы қатысты.

Жиын барысында қатысушылар ҚХА-ның «Жаңа толқын» жобасы аясында ой-пікірлерін ортаға салып, өзара пікір алмасады.

Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся, телевизор и текст

Возможно, это изображение 1 человек и отдел новостей

Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся

0 пікір