ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
24.12.2024
432
0

Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің 2024 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі өткізілді. Мекеменің бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдады. 2024 жылы жіберілген кемшіліктер мен атқарылмай қалған жұмыстар талқыланды. Алдағы 2025 жылы атқарылар жоспарлар пысықталып, жұмысты жандандыру мақсатында орталық қызметкерлерінің ұсыныстары сарапталды. Сонымен қатар өткен жылы дін саласында қоғам үшін атқарған ерен еңбектері мен белсенділігімен көзге көрінген мекеме мамандары мекеме директоры М.Халықов тарапынан алғыс хат және ақшалай сыйақымен марапатталды. Мекеме басшылары белсенді жұмыс атқарған орталық қызметкерлеріне, алғыс хаттарға ие болған мекеме мамандарына ағымдағы және келер жылдарда жұмыстарына сәттілік тілеп, қызметкерлермен естелік суретке түсті.

Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Возможно, это изображение 2 человека и текст

0 пікір