КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
22.04.2026
164
0

Дін істері комитетінің тапсырмасына сәйкес және облыстық дін істер басқармасының 2026 жылғы жоспарына сай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Жиын Келес ауданы аумағында ұйымдастырылып, ауданның білім бөліміне қарасты №8 Т. Бегманов атындағы жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушылары, №13 колледж студенттері, сондай-ақ Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр мәдениет қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесуге арнайы Маңғыстау облысы дін істер басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы, ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің дін істері бойынша сектор меңгерушісі Қалдыбек Аширбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айып Әлсейт және Абай ауылы әкімдігінің жастар ісі бойынша маманы Ақерке Сейтказимова қатысты.

Маңызды жиын мазмұны терең, мәні айқын іс-шара ретінде өтіп, түсіндіру жұмыстары арқылы қатысушыларға қажетті ақпарат беріліп, ой-пікірлер кеңінен қамтылды.

Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары және адамның ар-ождан мен дін бостандығына құқығы» тақырыбында баяндама жасап, экстремизмнің алдын алу – басты мақсат екенін атап өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол қауіптің алдын алудың маңыздылығын түсіндіріп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және жасөспірімдер, соның ішінде қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері де қозғалды. Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, саналы өмір салтын ұстану, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

Осындай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың дұрыс қалыптасуына, ұлттық сана-сезімінің артуына және қоғамдағы өз орнын табуына зор ықпал етеді. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу үшін жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, саналы таңдау жасауына көмектесу қажеттігі де айтылды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Возможно, это изображение динамик, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

 Возможно, это изображение отдел новостей, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

0 пікір