Белгілі ғалым, PhD докторы Қайрат Құрманбаевпен «Заманауи мұсылманның зияткерлік бейнесі» тақырыбында мазмұнды сұқбат жүргізілді. Сұқбат барысында спикер заманауи мұсылман тұлғасы тек діни біліммен шектелмей, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең азамат болуы тиіс екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі мұсылман дінді терең түсінумен қатар, ғылым мен технология жетістіктерін игеріп, сыни ойлау қабілетін дамытуы қажет. Сонымен бірге, рухани құндылықтар мен адамгершілік қағидаларды сақтай отырып, қоғамның дамуына белсенді үлес қосу – маңызды міндеттердің бірі.
Сұқбат барысында сондай-ақ білім мен тәрбие сабақтастығы, ұлттық болмыс пен жаһандану үдерісінің өзара байланысы сөз болды.
Сұқбат соңында Қайрат Құрманбаев жастарды үздіксіз білім алуға, өзін-өзі дамытуға және заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға болуға шақырды.



+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru