Семинар-тренинг барысында психолог Айнур Несепбаевна адамның психологиясы, психоанализ негіздері, тұлғаның қалыптасуы, әлеуметтік психология және психологиялық әдістердің теориялық-практикалық аспектілері туралы баяндама жасады.
Баяндамалар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, өзара пікір алмасумен жалғасты.
Екі күнге созылған іс-шара аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Семинар барысында көтерілген тақырыптар дін саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға бағытталды.
Аталған іс-шара қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизмнің алдын алу және ұлттық құндылықтарды нығайту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Семинар-тренинг жұмысы қорытындыланып, іс-шараны модератор Р. Сабыржанұлы қорытындылады.









+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru