Кездесу барысында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қайсар Құлжанұлы деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі мен олардан сақтану жолдары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Өміржан Сейдуллаұлы лудомания, нашақорлық және мемлекеттік қызметшілердің масаң күйде көлік басқаруының алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оның ішінде: құмар ойындарға қатысуға қатысты заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу, қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтау, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің алдын алу.
Сонымен қатар, кездесу барысында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта қолдануға, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруға жол бермеу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru