Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ағымдағы жылдың I жартыжылдығында атқарылған дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілту бағытындағы жұмыстарды қортындылады.
Қазіргі қоғамдағы діни салада кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттерді, конфессияаралық татулық пен келісімді, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, діни экстремизм мен радикалдануға тиімді қарсы тұру мақсатында өңірлердің жұмыстары сараланды.
Жұмыс қорытындысына сәйкес, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен жастарды толеранттылық пен діни әртүрлілікті құрметтеу, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда еселі еңбек етіп келген Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы үздік атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды.
Аталған Орталық 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды:
1. «Ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімі
2.«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі
3. «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі
4. «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімі
Кез келген діни мәселеге қатысты сұрақтарыңыз туындаса/болса, сенім телефонымыз бен әлеуметтік желідегі centretur.kz парақшамызға жазылу арқылы өз сұрақтарыңыздың жауабын алыңыз.